Қылмыстық топ зауыттан дизель отынын ұрлап келген

28 қыркүйек 2023 10:00 / Новости Казахстана

Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Жамбыл облысының полиция департаменті Жаңатас қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысып келген қылмыстық топтың әрекетiн анықтап, тосқауыл қойды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеу iсi басталды. Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Зауыт қызметкерлерінің көмегімен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде дизель отынын ұрлар келген. Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ жанар-жағармай тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді.

«Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың бөлігі табылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды»,-делінген хабарламада.

Автор
Серіктес жаңалықтары