Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

22 ақпан 2026 18:25 / Новости Казахстана

Қазақстан атынан Олимпиадаға спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қатысты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында (жарыстар әлі толық аяқталмағанына қарамастан) Қазақстан Бразилиямен бірге 19-орынды бөлісіп тұр. Екі елдің қоржынында бір алтын медальдан бар.

Жалпы ойындарға 95 елден спортшылар қатысуда.

Топ-10 қатарына енген қазақстандықтар:

Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метрде 6-орын;

Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын;

Илья Мизерных (трамплиннен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын;

Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын;

Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын;

Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын;

Елизавета Голубева (конькимен жүгіру) – 1500 метрде 7-орын.

Серіктес жаңалықтары