Қытайларды келекелеген қазақ қызының үстінен іс қозғалғаны хабарланды
Қазақстандық блогердің Қытайда түсірген пранк видеолары үлкен резонанс тудырды. Қытай халқы блогердің әрекетін заңсыз деп тауып, оны жауапқа тартуды талап жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Skifnews.kz порталының жазуына қарағанда, соңғы күндері қытайлық әлеуметтік желілер мен жаңалықтар порталдарында қазақстандық инфлюенсердің әрекеті қызу талқыланып жатыр.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, блогер Қытайда «ұрлық жоқ» деген сөзге сенбей, өзінше «тексеріп» көрмек болған. Ол Гуанчжоу мен Шанхайда жүріп, құрбысының қалтасынан байқатпай телефонын алып, оны өтіп бара жатқан қытай азаматының қолына ұстатады. Сосын досына телефоныңды «мына адам ұрлады» деп көрсетеді. Сонымен қатар, ер адамдарғ жанасып, қолынан ұстап, иығына сүйеніп, аяғына тиісіп, олардың реакциясын видеоға түсірген.
Қытай азаматтары наразылық білдіруде
Sohu.com, news.qq.com және Sina.com.cn сияқты ірі қытайлық медиа платформалар бұл әрекеттерді қоғамдық тәртіпке қайшы, қытайлықтардың мейірімділігін теріс пиғылда көрсету деп бағалады. Видеодағы қарапайым азаматтардың ар-намысы тапталды, Қытайдың халықаралық имиджіне кері әсер етті деп атаған.
Қытай заңдары не дейді?
Қытай заңнамасына сәйкес, жалған айып тағу, қоғамдық тәртіпті бұзу, жеке тұлғалардың рұқсатынсыз видео тарату және көпшілік алдында қорлау қатаң жазаланады.
Заңгер Хань Дунъяньдің айтуынша, мұндай әрекет:• Әкімшілік айыппұлға немесе• Қамауға алу мен депортацияға дейін апаруы мүмкін.
Жәбірленуші азаматтар блогерден:• Кешірім сұрауды,• Моральдық шығын өтеуді,• Видео материалдарды өшіруді талап етуге толық құқылы.
Гуанчжоу полициясы іске араласты
Қытайдың танымал 163.com порталының жазуынша, Гуанчжоу қаласының полициясы тұрғындардан түскен арыздар негізінде блогердің әрекетіне қатысты тексеру жұмыстарын бастаған.
Бұл жағдай нені көрсетеді?
Бұл оқиға – шетелде контент түсіретін блогерлер мен инфлюенсерлер үшін үлкен сабақ. Қандай елде болсын:• Жергілікті заңға бағыну,• Мәдениет пен дәстүрге құрметпен қарау,• Қоғамдық тәртіпті сақтау — басты қағида болып қала береді.
Қытай БАҚ-тары ғаламтордағы танымалдық үшін бұлай қоғамды қорлауға болмайды дейді.