Қызылорда облысында 10-сынып оқитын қызды өлтірген ер адам сотталды
7 қыркүйек 2026 12:22 / Новости Казахстана
Қызылорда облысында 16 жастағы қызды буындырып өлтірген ер адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында 16 жастағы қызды өлтірген 22 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.
Қайғылы оқиға биыл маусым айында болған. 10-сыныпты тәмамдаған жасөспірім қыздың мәйіті су арнасынан табылған. Оны тәулік бойы іздеген тұрғындар ағынды судан жалаңаш күйінде көріп, полицияға хабарлаған.
Осыдан кейін жедел тергеу басталып, күдікке 22 жастағы жігіт ілінген. Сот барысында олардың әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталған.
Тергеу мәліметінше, кездесуге келген ер адам қызды буындырып өлтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айырды.
22 қазан 2026 14:31 / Новости Казахстана
Шымкентте есірткі табылған көлікте отырған полицей жұмыстан қуылды
22 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана
1,5 млрд теңгенің алтынын мыс деп алдап, елден шығармақ болған
22 қазан 2026 12:19 / Новости Казахстана
Ақтауда ер адам әйелін ұрып, шашын алып тастаған
22 қазан 2026 11:24 / Новости Казахстана
Ақтөбеде шахтада жұмысшы қаза тапты
22 қазан 2026 10:10 / Новости Казахстана
Анасы мен сәбиін қаққан жүргізуші әлі табылмады
22 қазан 2026 9:28 / Новости Казахстана