Қызылордада директор мен бухгалтер 10 жыл бойы бюджет қаражатын жымқырып келген
Қызылорда облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұзақ жылдар бойы бюджет қаражатын жымқырып келген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бас прокуратура мәліметінше, ауылдық клубтың бухгалтері мекеме директорымен бірлесіп, 10 жылдай бюджет қаражатын жымқырған.
Күдіктілер жұмысшыларға жалақыны артық мөлшерде аударып, кейін түрлі сылтаулармен сол қаражатты кері қайтарып алып отырған. Ал қызметкерлердің көпшілігі басшылықтың заңсыз әрекеттерінен бейхабар болған.
Күдікке ілінгендер 36 млн теңге жымқырған. Сот оларға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Бухгалтерге рақымшылыққа ілігіп, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Алайда сот актілерінің заңдылығын тексеру барысында рақымшылық заңының дұрыс қолданылмағаны анықталды.
Бас прокуратураның наразылығы бойынша қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық инстанцияның қаулысын өзгертті. Бухгалтердің жаза мөлшері 5 жыл 7 айға ұзарды.