“Қызылордадағы жыныстық құлдық”: аппеляциялық сот үкім шығарды

5 маусым 2025 21:49 / Новости Казахстана

Қызылордада 16 жастағы қызды жыныстық құлдықта ұстаған сотталушылардың соңғы үкімі оқылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

3 сәуірде Қызылорда соты жыныстық құлдықта болған 16 жастағы қыздың ісі бойынша басты айыптыларға үкім шығарды. Алайда сотталушылар сот шешімімен келіспей аппеляцияға берді.

Алайда бүгін, 4 маусым күні аппеляциялық сот жасөспірім қызды жыныстық құлдыққа алған қылмыскерлер тобына үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Сотталушылардың қорғаушылары оларды ақтауды және жазаны жеңілдетуді сұраған еді. Алайда сот алқасы сотталғандардың кінәсін дәлелдемелер және жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ сот сараптамаларының қорытындылары негізінде үкімді өзгерткен жоқ.

Үкім заңды күшіне енді. Сотталушылар арасында кәмелетке толмағандар да бар.

Серіктес жаңалықтары