Республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктеріне қойылатын уақытша шектеу әлі күшінде

23 шілде 2026 14:30 / Новости Казахстана

Еліміз бойынша аптап ыстыққа байланысты асфальттың бүлінуіне жол бермес үшін республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу әлі күшінде, деп хабарлайды Arbat.Media.

1 маусым мен 15 тамыз аралығында Абай, Ақмола, Ақтөбе,Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеу күндізгі сағат 11:00-ден кешкі 21:00 аралығында жүреді.

Ал Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат таңғы 10:00-ден түнгі 22:00 аралығында қолданылады.

Бұл талаптың халықаралық тасымалға, жолаушылар автобустарына, тез бұзылатын азық-түлік, қауіпті жүк, гуманитарлық көмек тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ әскери және төтенше жағдай қызметтерінің көліктеріне қатысты жоқ. «ҚазАвтоЖол» тасымалдаушыларға жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, жүктің салмағы мен осьтерге түсетін күшті алдын ала тексеріп алуға кеңес береді.

Серіктес жаңалықтары