River Park үйлеріне жылу беруде ақау шықты
Алматының Медеу ауданында орналасқан River Park тұрғын үй кешендеріне жылу берудің нашарлауы құрылыс салушының кәсібилікке жатпайтын іс-әрекетінен болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
River Park тұрғын үй кешеніне жылу беруде ақау шықты: алматы әкімдігі түсінік берді
«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметіне сүйенсек, аталған тұрғын үй кешенінің ғимараттарына берілетін жылу параметрлерінің төмендеуі — жеке құрылыс мекемесіне тиесілі автоматтандырылған жылу пунктінің (АЖП) дұрыс жұмыс істемеуінен.
Бұл ретте, коммуналдық қызмет өкілдері жылу өндіру көзінен («Алматы электр стансалары» АҚ, ЖЭО-ның жылумен жабдықтау аймағы) аталған тұрғын үй кешеніне жылу барлық параметр сақтала отырып, штаттық режимде беріліп отырғанын айтуда. Олардың мәліметінше, сыртқы ауа температурасы төмен болған күндері бұл тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан ешбір шағым түспеген.
River Park ТК үйлеріндегі жылытуға қатысты штаттан тыс жағдай тұрғын үй кешеніне қызмет көрсететін жеке сервистік ұйымның автоматтандырылған жылу пунктінің (АЖП) араласуынан туындаған болуы ықтимал», — делінген әкімдіктің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.
Құрылысшыларға көмекке Алматы жылу желілерінің кезекші бригадасы жіберілген.
«Онымен қоса, бұған дейін Медеу ауданының әкімдігі тұрғын үйлерге жылу беруді қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау үшін құрылыс салушы «АРТ Медиа» ЖШС өкілдерімен келіссөз жүргізген болатын. Құрылыс салушы мекеме элеваторлы торап үшін қосымша насостар сатып алынатынын уәде етті. Насостар келесі аптада орнатылмақ. River Park тұрғын үй кешендерін жылумен жабдықтау мәселесі Алматы әкімдігі мен қаланың барлық тиісті шұғыл қызметтерінің бақылауына алынды», — деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен.