Салтанат Нүкенова 6-8 сағаттан соң алған жарақаттарынан көз жұмды
Жәбірленуші тараптың адвокаттары марқұмның басында 12-13 жарақат бар екенін айтты. Марқұмның денесіне жасалған сараптама Нүкенованың өлімі оң жақ фронтемпоральды париетальды оксипитальды аймақта жедел субдуральды гематомамен бірге жүретін жабық ми жарақаты салдарынан болғанын көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Алынған жарақаттар орталық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуына, кейін тоқтауына, жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауына әкелді. Бұл – өлімге тікелей себеп болды», - деді жәбірленуші тараптың адвокаты Ж. Оразбақова.
Қуандық Бишімбаев болса ол соққылар Салтанат Нүкенова унитаз бен еденге құлаған кезде пайда болғанын алға тартып отыр.
Айта кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде тараптар әзірге сараптама қорытындыларын жариялауда.