Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылды

14 қазан 2024 9:23 / Новости Казахстана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісінің мәйіті табылды. Әскери өзіне-өзі қол жұмсаған. Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесін өзі тұрып жатқан пәтерден тапқан. Ол белдікке буынып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл оқиға қатысты ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«13 қазанда Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпарат бойынша әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы „Орталық“ өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары