Саяхатшылар үшін шешім: Фотоны шектеусіз әрі тегін сақтауға болады
Сандық контенттің көлемі күрт өсіп, бұлтты сақтау сервистеріне сұраныс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алайда көптеген елде ай сайынғы төлем мен жадының шектеулілігі өзекті мәселе болып тұр. Осы жағдайда шектеусіз әрі тегін медиа сақтау мүмкіндігін ұсынатын баламаларға қызығушылық артып келеді.
Солардың бірі — соңғы айларда кең тарап жатқан MonClips Gallery мобильді қосымшасы. Қазірдің өзінде бұл платформаға 100 мыңнан астам адам тіркелген, ал жүктелген фото саны — төрт миллионға жуық. Қосымша авторлары бұл өнімді «жеке, тәуелсіз медиа кеңістік» деп сипаттайды.
MonClips-ті ең көп пайдаланатындар — БАӘ, Үндістан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріндегі Android қолданушылары.
Цифрлық нарықты бақылаушылар бұл үрдіс Оңтүстік және Орталық Азия аймақтарына тән екенін айтады. Бұл өңірлерде жастар саны көп, Android құрылғылары кең таралған және бұлтты сақтау әлі толық қолжетімді емес.
Мамандардың айтуынша, MonClips сияқты платформалар жазылым талап ететін бұлтты сервистерге балама ретінде қалыптасып келеді. Шектеусіз сақтау мүмкіндігі, қарапайым интерфейс және тегін пайдалануға болатын жүйе бұл қосымшаны танымал етуде.
MonClips App Store және Google Play дүкендерінде қолжетімді.