Шекаралас елдерден су келу қаупі жоқ – ҚР ТЖМ

11 сәуір 2024 10:23 / Новости Казахстана

Азаматтық қорғаныс қызметі тасқын басталғалы 97 071 адамды, оның ішінде 32 735 баланы қауіпсіз жерлерге жеткізді. Уақытша орналасу пунктеріне 7 606 адам, оның ішінде 3 728 бала орналасты. Апаттан құтқару жұмыстарында 25 мыңға жуық адам және 3 мыңнан астам техника, 15 әуе кемелері жұмылдырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Төтенше жағдайлар, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық ұланның әуе кемелері құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарына автокөлікпен 893 500 келі гуманитарлық көмек көрсетілді. Сондай-ақ әуе кемелерімен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Абай облыстарына 177 635 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Шекаралас мемлекеттердің аумақтарынан су басу қаупі жоқ. РФ Орынбор облысының Орск қаласында болған жағдай мен Батыс Қазақстан облысы аумағындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі бақылауымызда», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш. 

Серіктес жаңалықтары