Семейдегі түрмеде қыз зорлап жазасын өтеп жатқан қылмыскер көз жұмды

28 қазан 2025 12:33 / Новости Казахстана

Семейдегі түрмеде қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан сотталушы қайтыс болды. Ақпаратты Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотталған ер адам абақтының медициналық бөліміне өзін нашар сезінгені туралы шағымдармен жүгінген.

«Тексеруден кейін оған алғашқы көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем шақырылды. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, сотталған адам ауруханада қайтыс болды», – деп хабарлады ведомство.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Абай облысындағы департаменті әлеуметтік желіде таралған жалған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Комитеттің мәліметінше, Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан оншақты адам емес, тек бір адам ғана ауруханаға түскен.

«Абай облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті түрмеде оншақты адамның жаппай ауруханаға түскені туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Қыз зорлағаны үшін жазасын өтеп жатқан бір адам ауырып, көз жұмған», – деп хабарлайды департамент.

Серіктес жаңалықтары