Семейден Алакөлге пойыз жүре бастады
Семей қаласынан Алакөлге пойыз қатынай бастады. «Семей-Достық» бағытымен Алакөлге жолаушылар пойызы жолға шықты. Пойыз айдың тақ санды күндері жүреді. Бір уақытта 354 жолаушыны тасымалдай алады. Жол жүру уақыты – 16 сағат 40 минут, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Семей-Үржар» бағытындағы әуе рейстері аптасына 3 рет, маусым - тамыз айлары аралығында аптасына 5 ретке дейін қатынайды. Билет құны - 14 000 теңге», - деп хабарлады Абай облысы әкімдігінен.
Әуе қатынасын «Южное небо» әуекомпаниясы сыйымдылығы 50 адамға дейін АН-24 ұшағы арқылы жүзеге асырады.
«Жаз мезгілінде облыста «Семей – Жалаңашкөл» бағытында пойыз қатынайды. Арақашықтық – 731 шақырым. Күнара 7 вагоннан жөнелтілетін бұл бағыттағы жол жүру құны: плацкарт – 4 322 теңге, купе – 6 226 теңге», - делінген ақпаратта.