Шерзат ісі бойынша сотталғандардың екеуі толық ақтауды сұрады: үкім өзгеріссіз қалды
14 сәуір 2026 18:28 / Новости Казахстана
Шерзат ісі бойынша сотталғандардың екеуі толық ақтауды сұрады. Алайда үкім өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұған дейін жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев сотталған сегіз адамның екеуі – Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметов кассациялық шағым түсіргенін хабарлаған еді.
Екеуі де үкіммен келіспей, ақтауды сұраған.
Алайда Шекеевтің айтуынша, кассациялық сот сотталғандардың уәждерін негізсіз деп таныды. Бұған дейін шыққан үкімдер өзгеріссіз қалды.
Еске сала кетейік, 2025 жылы мамырда Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға сотталған.
Айта кетері, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Бұл іс бойынша 9 адам сотталды.
16 қазан 2026 14:16 / Новости Казахстана
Гүлнар Досаева 100 млн теңге капиталы бар компания құрды
16 қазан 2026 13:27 / Новости Казахстана
Алматыда 11 жастағы баланы жасөспірімдер қорлаған
16 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Семейде нәрестені қоқысқа тастаған экс-полицей өмір бойына сотталды
16 қазан 2026 11:15 / Новости Казахстана
Алматыда мектепте уланғандар саны 51-ге жетті
16 қазан 2026 10:25 / Новости Казахстана
Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның мәйіті табылды
16 қазан 2026 9:30 / Новости Казахстана