Шерзатты өлтіргендердің бірі рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шығуы мүмкін

11 маусым 2025 14:39 / Новости Казахстана

Биыл елімізде түрмеде отырған 15 мың адамға рақымшылық жасалады. Олардың арасында Шерзат ісінде сотты болған Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Абзал Құспан айтты. Жуырда ғана сот үкім шығарған Шерзат ісінде Думан Ысқақ рақымшылыққа ілінуі мүмкін. Ол қылмыстық кодекстің 434-бап (ауыр қылмыс жасалғанын хабарламау) бойынша 1,5 жылға сотталды.

«Шерзат Полат ісін бәріміз қарадық. Ол жерде адам өліміне әкеліп соққан іс болғандықтан рақымшылық актісі қолданылмайды. Қалай болған күннің өзінде адам өліміне алып келген бап болса, егер бұзақылық бабы болса да адам өліміне әкеліп соқса онда рақымшылық қолданылмайды. Ал қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты хабарламау) бойынша бойынша жазаланса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін», - дейді депутат.

Айта кетейік, 2006 жылы Тәуелсіздік күніне орай 5 579 адамға амнистия жасалған. 2012 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай – 3702 адам, 2016 жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай – 5010 адам, 2021 жылы Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай 2 470 адам босап шыққан.

Серіктес жаңалықтары