Шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптары бекітілді
1 желтоқсан 2023 14:58 / Новости Казахстана
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шет мемелекеттерде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және оларды пайдалану талаптарын бекітті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Премьер-министр қол қойған Қаулы primeminister.kz сайтында жарияланды.
Құжатқа қоса ұсынылған қосымшада:
- басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіру (әкеліну) тәртібі мен талаптары;
- басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптары жазылған.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Биылғы 23 қаңтар - 1 шілде аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңсыз әкелінген көліктер заңдастырылды. Нәтижесінде 220 мыңнан астам автокөлік тіркелді.
Ал 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктер заңның барлық талаптарына сай, жеңілдіксіз тіркеуге жатады.
5 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Текеліде трактор қаққан 11 жастағы қыз көз жұмды
5 қараша 2026 10:32 / Новости Казахстана
Қызылордада із-түзсіз жоғалған 65 жастағы ер адам өлі табылды
5 қараша 2026 9:26 / Новости Казахстана
5 қарашада ауа райы қандай болады?
4 қараша 2026 18:20 / Новости Казахстана
Владимир Тепляковтың өлімі: Полиция күдіктіні ұстады
4 қараша 2026 17:15 / Новости Казахстана
Астанада Боранбаевқа тиесілі болған фитнес-орталық 2,3 миллиард теңгеге сатылды
4 қараша 2026 16:28 / Новости Казахстана