Шетелде қанша қазақ азаматы жұмыс істейді?

9 қазан 2025 15:23 / Новости Казахстана

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелде 126 мыңға жуық қазақ азаматы еңбек етеді. Оның 102 мыңы — Ресейде, 15 мыңы — Оңтүстік Кореяда, 2 мыңға жуығы — Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ елдерінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Барлық елдермен бізде тиісті келісімдер жоқ. Мысалы, Ұлыбританиямен меморандумға қол қойылды. Ал Оңтүстік Кореямен келіссөздер жалғасуда. Біз екі жыл бойы диалог жүргізіп келеміз. Кореядағы саяси жағдайға байланысты арада үзіліс болды. Осы күздің соңына дейін келіссөздерді қайта бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жатқан 15 мың қазақстандықтың шамамен 11 мыңы — заңсыз жұмыс істеп жүр. Вице-министр Корея тарапының бірнеше талабы барын айтты.

«Олар сол елде заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты нақты шара қабылдауымызды талап етіп отыр», — деді Асқарбек Ертаев.

Серіктес жаңалықтары