SIM-карта EGov арқылы берілсе, телефон алаяқтары азаяды

18 қазан 2024 10:00 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

SIM-картаны EGov арқылы беруді ұсынған Цифрлық даму министрлігі қазір осыны жүзеге асырудың жолдарын қарастырып жатыр. Ведомство басшысы аталған жүйе енгізілсе, алдымен телефон алаяқтары азаяды дейді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

— Осы бастаманы талқылап жатырмыз. Егов арқылы телефон нөмірін тарату үшін, сатып алу үшін. Алаяқтар схемалары бар, сонымен күресіп жатырмыз. Алаяқтықты шектеу үшін осындай шара қолдануды ұсынамыз.

Сим-картаны қазір кез келген адам дүкеннен сатып алады. Бірден он нөмір алса да шектеу жоқ.

Ал Егов арқылы беріліп жинақталған нөмір қоры мемлекетке өтсе, онда кәдімгі көлік нөмірі сияқты бір жүйеге енгізіледі. Онда абоненттің аты-жөнімен қоса, биометрия ақпараты, ЖСН -ы тіркелмек. Қазір біз осы нормаларды талқылап жатырмыз,- деді министр.

Қолданыстағы SIM-карталардың да жойылмауын қарастырмақ. Тұрғындарға ыңғайсыздық тудырмау үшін бұған дейін әлемде қолданылып келген әдістердің ең тиімдісін таңдаймыз, дейді мамандар.

Егер бұл жүйе енгізілсе, бір адамның бес-алты SIM-картамен жүруіне де шектеу қойылады.

Ал коммерциялық ұйымдар сатып алатын әр SIM-картаның пайдалану мақсатын айқындауы керек.

 

Серіктес жаңалықтары