Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұратынын ескертті

12 қазан 2025 9:27 / Новости Казахстана

Синоптиктер жексенбі, 12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласында 12 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

12 қазанда Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз 15-20 м/с-қа дейін барады. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетау қаласында 12 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

12-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 12 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

12 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 12 қазанда күндіз найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда Ақтөбе облысынның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында 12 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

12-13 қазанда Қызылорда облысында өрт қаупі сақталады.

12 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 12 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с-қа жетеді.

12 қазанда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың батысында, орталығында тұман түсіа, көктайғақ болады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа жетеді, кей жерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

12 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

12 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде 1-6 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 12 қазанда түнде 3-5 градус үсік жүреді.

12 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында 12 қазанда түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 12 қазанда өрт қаупі сақталады.

12 қазанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 23 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында 12 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, желді күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Серіктес жаңалықтары