Солтүстік Қазақстанда ер адам әжесін пышақтап өлтірді

21 шілде 2026 13:29 / Новости Казахстана

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 74 жастағы зейнеткер әйел пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға тұрмыстық жанжалдың салдарынан болған. Оқиға орнына шақырту бойынша жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні жедел анықтап, ұстаған.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам қолға түскен.

«74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды», – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, жанжалдың шығу себептері мен күдікті мен марқұмның өзара қарым-қатынасы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары