«Сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген жолаушы 5 тәулікке қамалды
24 қыркүйек 2026 18:18 / Новости Казахстана
Шымкент әуежайында Астанаға ұшқалы тұрған ер адам жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтып, рейстен түсірілді. Көлік полициясының мәліметінше, жолаушы мас болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеру кезінде оның сөмкесінен ешқандай жарылғыш зат табылмады. Сол себепті әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.
Ер адам қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана