ШҚО-да әйел мен екі баласының денесі табылды

15 қазан 2026 11:11 / Новости Казахстана

Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын үйді түгел шарпып, шатыры опырылып түскен.

«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары