ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды
16 қазан 2025 13:22 / Новости Казахстана
ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан үйдің шатыры, жиһаздары мен жеке заттары зақымданған. Оқиға кезінде үйде ата-ананың қарауынсыз төрт бала болған.
2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздігінен сыртқа шығып, көмек сұрап, көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді құтқарып қалды.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндіру қызметі жалпы ауданы 45 шаршы метрді құраған өртті сөндірді.
10 қыркүйек 2026 18:55 / Новости Казахстана
Қазақстандық ата-аналар оқушыларға түскі ас ішу үшін 1 сағат үзіліс беруді талап етті
10 қыркүйек 2026 17:17 / Новости Казахстана
Жыл басынан бері балабақшаларда 21,3 мың жаңа орын ашылды
10 қыркүйек 2026 16:15 / Новости Казахстана
Депутат 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеуді ұсынды
10 қыркүйек 2026 15:06 / Новости Казахстана
Әлеуметтік желіде әдепсіздік танытқан тұрғын жауапқа тартылды
10 қыркүйек 2026 14:47 / Новости Казахстана
Сараптама қорытындысы дайын: Меркіде көз жұмған келіншектің өліміне қатысты тың дерек
10 қыркүйек 2026 13:35 / Новости Казахстана