ШҚО-да суға кеткен жасөспірімді құтқармақ болған 2 ер адам да ажал құшты
Шығыс Қазақстан облысының Боран ауылы маңындағы Қара Ертіс өзенінде 21 маусым күні қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Суға шомылуға тыйым салынған орында 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Жасөспірімді құтқаруға тырысқан 33 және 34 жастағы екі ер адам ағыстың күшіне шыдай алмай, өздері де суға кетті. Үшеуі де бірінен кейін бірі батып кеткен.
Оқиға орны мен ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, іздестіру-құтқару жұмыстары бірден басталды.
Қазіргі уақытта (23 маусымдағы жағдай бойынша) 2007 және 1991 жылы туған екі адамның денесі табылған. Тағы бір адамның мәйіті іздестірілуде.
Іздестіру-құтқару операциясына ШҚО және Абай облыстарының құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар мен шекара қызметі жұмылдырылған.