СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған. «Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген, деп жазады Kazinform агенттігі.
Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді.
Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті.