ШҚО: «Ертіс» шахтасында төрт адам қаза тапты
Жазатайым оқиға 31 тамызда сағат 17.30 шамасында KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында болған. «Шахтадан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның жұмысшылары болған. Алдын ала дерек бойынша жұмысшылар газдан уланып қалған», - деп деді KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметінен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды.
KAZ Minerals компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук қайғылы оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін «Ертіс» шахтасына барды.
«Кәсіпорын басшылығы мен ұжымы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді», - делінген ақпаратта.
ШҚО ТЖД дерегінше, тағы бір адам ШҚО Глубокое аудандық ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.