Студент қыз сегізінші қабаттан секіріп кеткен
Оралда студент қыз сегізінші қабаттан секіріп кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқыс оқиға 21 қазан күні болды, дейдіі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түс шамасында 1 курста оқитын 17 жастағы қыз жатақхананың сегізінші қабатынан секіріп, Орал облыстық көпбейінді ауруханаға түсті. Орал полиция басқармасының Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ж.Досмұхамедов көшесі бойындағы жатақханадан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына қоңырау шалынған. Студент қыз облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде, жағдайы өте ауыр. Балалар нейрохирургінің, травматологтың және хирургтың бақылауында, - дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.