Шымбұлақта аспалы жол тоқтап қалды
Кеше Алматының әйгілі "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында аспалы жолы тоқтап қалып, кабинада қалған адамдарды арнайы альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен түсіруге тура келген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 10 қыркүйекте теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалған.
Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде көмекке жетіп, кабинада қалған 21 адамды альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен түсірген.
Сондай-ақ Талғар асуында қалған шамамен 100 қонақты қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
"Шымбұлақ" ТШК әкімшілігі күтіп қалған адамдарға ыстық сусындар мен жылынатын орындар ұсынған.
"Зардап шеккендер жоқ. Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді – қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.