Шымкентте 7 баласы бар әйелді өз күйеуі өлтіріп, 1,6 жылға ғана сотталды
Шымкентте 7 балалы әйелдің жұмбақ қазасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbatmedia.
Қайғылы жағдай биыл 5 ақпанда Шымкентте болған. 42 жастағы Шолпан Ақмырзаның өлімін 2 және 4 жастағы балалары көрген. Кішкентайлар анасын әкесі лақтырғанын айтқан. Алайда сот олардың сөзін куәлікке алмаған. Себебі балалар кәмелет жасына толмаған.
Ал сот мәліметінше, дау әйелдің несие алуынан шыққан. Оны ер адам көріп, жанжалдасқан. Оны балағаттап, кейін қол көтерген. Бірақ, әйелі құлағанда ол басқа бөлмеде болыпты. Сотталушының әйелді терезеден лақтырғанына ешқандай дәлел табылмаған. Осылайша әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам 1,6 жылға ғана сотталды.
Алайда үкіммен марқұмның қыздары келіспейді. Олар аналарының 20 жыл бойы тек қорлық көріп келгенін айтады.
Айта кетейік, Шолпан Ақмырзаның артында 7 баласы қалды. Үлкені 22, кенжесі 2 жаста. Марқұм мен сотталушы 16 жыл заңды некеде тұрған. Тек 2020 жылы ресми түрде ажырасқан. Көпұзамай қайта қосылып, бірақ некені тіркетпеген.