Сынып жетекшілеріне берілетін үстемеақы 30 пайызға артады
Елімізде мектеп мұғалімдерінің сынып жетекшілік қызметі үшін берілетін үстемеақыны 30 пайызға біртіндеп арттыру жоспарланып отыр. Бұл жаңалық Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің депутаттық сауалға берген жауабында айтылған. Үстемеақы елдегі 220 мың мұғалімді қолдауға бағытталмақ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
«Балалардың деструктивті мінез-құлығының алдын алу бойынша тікелей ата-аналармен және оқушылармен жұмыс істейтін 220 мың сынып жетекшісінің қызметін жүйеге келтіру үшін олардың қызметі туралы ережелер мен біліктілік сипаттамалары қайта қаралады. Олардың мәртебесін көтеру мақсатында бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, сынып жетекшілігі үшін төленетін үстемеақыны кезең-кезеңмен 30%-ға ұлғайту мәселесі талқыланып жатыр», делінген Олжас Бектеновтің жауабында.