Тағы бір қазақстандық боксшы допинг дауына тап болды

7 желтоқсан 2025 12:13 / Новости Казахстана

2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан бокс құрамасының өкілі Дулат Бекбауов допинг ережесін бұзғаны үшін екі жылға әуесқой спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі мәлімдеді.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Бекбауов соңғы 12 айда допинг-бақылау мамандарына өзінің орналасқан жері туралы деректерді дұрыс және толық бермеген. Спортшылар үшін бұл антидопингтік талаптың өрескел бұзылуы болып саналады.

Осыған байланысты оған 2025 жылдың 18 қарашасынан 2027 жылдың 17 қарашасына дейін екі жыл мерзімге шеттету жазасы қолданылды. Бұл шешім тек әуесқой боксқа қатысты.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов осы жылдың шілде айында кәсіпқой бокста дебют жасаған еді. Аталған шектеу оның кәсіпқой мансабына әсер етпейді. Отандасымыз кәсіби рингте өнер көрсете алады.

 

Серіктес жаңалықтары