Талдықорған: Қызылтас петроглифтері мемлекет қорғауына алынды
Жетісу облысындағы Қызылтас петроглифтерін жергілікті маңызы бар қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізу туралы тақта орнатылды. Экологтердің бастамасымен «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге тыйым салынған. Тарихи орында «Қызылтас – тасбақа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Шараға шенеуніктер, қоғам белсенділері, эко-еріктілер қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншілігін, жер алдындағы жауапкершілігін және адамдардың экологиялық сауаттылығын арттырады», - дейді «Қазақстан студенттер Альянсы» Жетісу облысы бойынша филиалының төрағасы, эковолонтер Ескендір Амандос.