Тамара Асар көз жұмған өгей ұлына жоқтау арнады
Белгілі әнші Тамара Асардың жұбайының алғашқы некесінен туған ұлы Әлішердің қазасына өлең арнады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Айта кетейік, әншінің күйеуінің бірінші некеден ұлы жуырда көз жұмды.
"Өндірдей болған өрен-ау,
Бауырыма басқан "бөлек-ау".
Құлағыңа сенің жетті ме,
Қапыда шыққан өлең-ау?..
Жұртшылық келдің жиылып,
Жұбатып жаттың қиылып.
Жұмаштың парлап көз жасы,
Жүрегіме толды-ау құйылып.
Әлішер кеттің шалғайға,
Сен қайда бүгін, мен қайда?
Торқадай болып топырағың,
Иманың жолдас болғай да.
Дұғада күнде отырмын
Талай да әлі оқырмын.
Қаңқу сөз "өгей" десе де,
Қайырын сұрап отырмын.
Ардақты ағайын! Қиындықта қасымызда болып, алыстан-жақыннан көңіл айтып, қиындық бөліскен әрбір жанға бас иіп, рақметімізді айтамыз. Алланың ісіне шара жоқ, артының қайырын сұраймыз. Құдайдан үмітіміз бар. Жақсы күндер көп болсын. Жастар аман болсын! Дұғадамыз!", – деп жазды Тамара Асар.