Танымал қазақстандық әншіге бейтаныс арудан некені тіркеу туралы өтініш түскен

23 мамыр 2025 12:40 / Новости Казахстана

Отандық танымал әншіге бейтаныс ару отбасы құруға өтініш жіберді, деп хабарлайды Arbat.media MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Қазыбек Құрайыш әлеуметтік желісіне stories жариялап, өзіне белгісіз арудың некені тіркеу туралы өтінішін көрсетті.

«-1 бойдақ», - деп жазған әнші парақшасына.

Қазыбек Құрайыш — заманауи қазақстандық әнші, композитор әрі орындаушы, соңғы жылдары тыңдарман жүрегін жаулап, отандық музыка сахнасында ерекше орынға ие болды.

Қазыбек Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «радиотехника, электроника және коммуникация» мамандығы бойынша білім алған. Кейін Ресейдің Самара қаласында аэроғарыш саласы бойынша магистратураны тәмамдаған. Алайда, 2018 жылы Астанаға жұмыс іздеп келген кезінде, күтпеген жерден музыкаға бет бұрды. Досы Ізбасар Кеңесовтің студиясында уақыт өткізіп жүріп, алғашқы әндерін жазып, бұл салада өзін сынап көруге шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары