Тасқын су қаупі Құлсары қаласының 7 шағынауданына төніп тұр

7 сәуір 2024 13:06 / Новости Казахстана

Атырау облысындағы Құлсары қаласының 7 шағын ауданын тасқын су қаупі төніп тұр. Атырау облысының жедел штабынан ақпаратына сүйенсек, бүгін, 7 сәуірде сағат 08:00-дегі мәліметке сәйкес Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй мен әкімшілік нысандар су астында қалған. Алты бизнес нысанының ауласына тасқын су кірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Құлсары қаласындағы «Атырау», «Достық», «Мирас», «Жадырасын», «Мерей», «Шұғыла», мешіт маңы ауылынан 31 наурыздан бері 29 545 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Оның 7 396 бала бар. Эвакуациялық пункттерге 8 011 адам орналастырылды. Олардың 4578-і – балалар», -деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Тасқын су қаупі Құлсары қаласындағы «Береке, «СМП-224», «9-ауыл», «Атамұра», №1,3-шағын аудандар мен 5-ауылға төніп тұр.

 

Серіктес жаңалықтары