Тәуекел Мүсілім күтпеген мәлімдеме жасады

8 қазан 2026 18:16 / Новости Казахстана

Танымал актер Тәуекел Мүсілім отбасындағы қарым-қатынас, бала тәрбиесі және ата-ананың ерлі-зайыптылар өміріне араласуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесі сұхбат барысында әр отбасының өз шекарасы болуы керектігін айтты. Оның пікірінше, ата-ана балаларына ақыл-кеңес бергенімен, олардың жеке өміріне және бала тәрбиесіне қатысты шешімдеріне араласпағаны жөн.

Актер бұл ұстанымын өз отбасында да сақтауға тырысатынын жеткізді. Айтуынша, кейде анасы немерелерінің тым ерке болып өсіп жатқанын айтып, ескерту жасайды. Алайда Тәуекел Мүсілім қазіргі балаларды бұрынғы әдіспен тәрбиелеу дұрыс емес деп есептейді.

“Мен анама үнемі жұмсақ жеткізуге тырысамын. Анам балаларымның тәрбиесіне араласып: “Өте ерке, көп ойыншық алып бересің, тым еркелетіп жібергенсің” деп айтып қалады. Ондайда: “Мама, сендердің кезіңдегі тәрбие қазір жүрмейді” деймін”, – деді актер.

Серіктес жаңалықтары