Теміртауда зейнеткерді соққыға жыққан жасөспірімдерді қатарластары ұрып кетті
2 сәуір 2025 10:32 / Новости Казахстана
Теміртауда зейнеткерді ұрған жасөспірімдерді басқа кәмелетке толмаған жастар ұрып тастады, деп хабарлайды Arbat.media.
Теміртауда жасөспірімдердің резонанстық іс-әрекетінен кейін жаңа мәліметтер пайда болды. Еске салайық, бір топ жасөспірім зейнеткерді аяусыз соққыға жығып, видеоға түсірген еді.
Қылмыс жасалғаннан кейін, көп ұзамай екі күдіктіні басқа жасөспірімдер ұрып кеткен. Осы факті бойынша “Денсаулыққа қасақана зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Барлық кәмелетке толмағандар ұсталды. Олар полицияға жеткізілді, сондай-ақ профилактикалық есепке алынды. Олардың заңды өкілдері жауапқа тартылады", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
20 қараша 2026 18:07 / Новости Казахстана
Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
20 қараша 2026 16:35 / Новости Казахстана
Тоқаев: Қазақстанда жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады
20 қараша 2026 15:28 / Новости Казахстана
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
20 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Әкім орынбасары темекі шегіп, түкіргені үшін айыппұл арқалады
20 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
20 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана