Террористік ұйымға қатысы бар деген қазақстандық Түркиядан әкелінді
19 қараша 2024 11:00 / Новости Казахстана
Анталиядан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматын елге әкелді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
«Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған. Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды. ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
18 қыркүйек 2026 18:07 / Новости Казахстана
Ауылдардағы жол, су, жылуды дамытуға 7,5 трлн теңге бөлінеді
18 қыркүйек 2026 17:27 / Новости Казахстана
Шымкентте блефаропластикадан кейін әйел бір көзінен айрылды
18 қыркүйек 2026 16:18 / Новости Казахстана
Екібастұзда Mercedes жүргізушісі полициядан қашып, 5 түрлі жаза алды
18 қыркүйек 2026 15:28 / Новости Казахстана
Баспана сатып алғысы келетіндерге қатысты маңызды жаңалық жарияланды
18 қыркүйек 2026 14:11 / Новости Казахстана
Еркебұлан Тоқтар інісіне көлік сыйлады
18 қыркүйек 2026 13:25 / Новости Казахстана