Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын сатып алды

25 қараша 2025 14:50 / Новости Казахстана

Қарағандының «Шахтёр» футбол клубын Freedom Holding Corp. тобына кіретін кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компания сатып алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бүгін, 25 қарашада өткен аукционда Тимур Турлов қарағанадылық футбол командасын сатып алды. Холдингтің негізін қалаушы Тимур Тұрлов пен облыс әкімдігі жаңа футбол экожүйесін құруды көздеуде. Жаңа басшы өңірдегі футболды дамытуға 18,5 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.

12 млрд – футбол академиясының құрылысына, 6,5 млрд – өңірде балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамытуға жұмсалады екен.

«Академия Қарағанды облысының бұқаралық және кәсіби футболын дамытудың орталық нүктесі болуы тиіс. Орталықта балалар мен жасөспірімдер футболы, инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік бастамалар жүзеге асады», - деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Академия 10 гектар аумақта салынады. Онда жабық манеж, жаттығу алаңдары, әкімшілік кешені, медициналық орталық, бассейн, асхана, жатақхана және инфрақұрылымы толық жылы дәліздер арқылы біріктіріледі. Ауласына воркаут-аймақ, саябақ және автотұрақ салынады.

Негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы 2027 жылға жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары