Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мусин Тоқаевқа компанияның қызметі мен соңғы екі жылда жүзеге асырған негізгі инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларының қорытындысын баяндады.
Бағдат Мусиннің айтуынша, бүгінде «Қазақтелеком» 1,75 миллионнан астам үйге қызмет көрсетеді.
«Елді мекендерді байланыспен қамту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. 2027 жылдың соңына дейін 1 миллионнан астам тұрғыны бар 3 мыңнан аса ауылды сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету жоспарланған», — деді ол.
Сонымен қатар, төраға «Каспий ТОБЖ» халықаралық жобасының жүзеге асырылуы туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
«Корпоративтік процестерді автоматтандыруға арналған ЖИ-агенттерді әзірлеу, киберқауіпсіздік шешімдерін жетілдіру және мемлекеттік секторды цифрландыру бойынша бірқатар жоба қолға алынды», — деді Мусин.