Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады

23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесіне тоқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарды еске алып, ел дамуына еңбек сіңірген азаматтардың еңбегін бағалау қажет екенін айтты.

“Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуына, қиын экономикалық кезеңде дамуына және көптеген жетістікке жетуіне көп үлес қосты. Оның есімі ешқашан ұмытылмайды”, – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары