Тоқаев Шавкат Рахмоновқа көңіл айтты
11 тамыз 2026 11:14 / Новости Казахстана
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал қазақстандық MMA спортшысы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахмонұлы Алпамысовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы жеделхатында марқұмның елге сыйлы, өнегелі азамат болғанын атап өтті.
«Бақтыбай Рахмонұлы мағыналы ғұмыр кешкен қадірлі жан болды. Нағыз отаншыл азамат ретінде ел мерейін үстем еткен, бүкіл қазақ жұртының мақтанышына айналған өзіңіздей жігерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Әкеңіздің иманы саламат, жаны жәннатта болсын!» – делінген жеделхатта.
Президент спортшыға және оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана