Тоқаев шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
30 желтоқсан 2025 21:33 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтап, ІІ дәрежелі Барыс орденімен марапаттады.
“Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.
Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.
Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.
20 қараша 2026 18:07 / Новости Казахстана
Таразда ашылғанына бір ай толмай бүлінген мемориал қайта қалпына келтірілді
20 қараша 2026 16:35 / Новости Казахстана
Тоқаев: Қазақстанда жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар салынады
20 қараша 2026 15:28 / Новости Казахстана
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
20 қараша 2026 14:28 / Новости Казахстана
Әкім орынбасары темекі шегіп, түкіргені үшін айыппұл арқалады
20 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Ақмола облысында жүк пойызы ер адамды басып кетті
20 қараша 2026 12:25 / Новости Казахстана