Тоқаев Трамптың арнайы өкілі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасарын қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кездесу барысында Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды. Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты. Ол алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді.
Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.