Тоқаев үкімет отырысында Назарбаев туралы сөз қозғады

10 ақпан 2026 14:20 / Новости Казахстана

Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында қолданыстағы конституцияның маңызды рөл атқарғанын және оған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесі зор екенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев 30 жыл қолданыста болған Конституцияның маңыздылығын жоққа шығармады. Ол Ата заң елдің жетістіктерінде шешуші рөл атқарғанын айтты.

«Бұл үшін ең алдымен тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айту керек», деді ол.

Сөзінше, қолданыстағы конституция ел енді аяққа тұрған кезде керек болған.

«Дегенмен, конституция қабылданған кезде біздің мемлекет жаңадан қалыптаса бастағанынескеру қажет. Сол уақыттан бері қоғамымыз едәуір өзгерді. Барлық пессимистік болжамдарға қарамастан, Қазақстан күшті мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық аренада жоғары беделге ие болды», деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары