Тоқаев вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды

20 қаңтар 2026 13:45 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Қазақстанда вице-президент лауазымын құруды ұсынды. Оны Парламенттің келісімімен, депутаттардың көпшілік дауысы арқылы президент тағайындайды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал өкілеттік ауқымын мемлекет басшысының өзі айқындайды.

Вице-президент президенттің тапсырмасымен халықаралық форумдарда және шетелдік делегациялармен келіссөздерде Қазақстанның мүддесін қорғайды.

«Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты негізгі ережелерді Конституция мәтінінде көрсету керек. Сонымен қатар қазіргі Парламенттің қызметін қамтамасыз ететін кейбір аппараттық құрылымдар мен мемлекеттік кеңесші лауазымы жойылуға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Әкімшілігінің функционалы, құрылымы және оның басқару жүйесі практикалық қажеттілікке сәйкес реформаланатын болады.

Серіктес жаңалықтары