Тоқаевты балағаттаған блогер жазасын алды

17 маусым 2025 10:24 / Новости Казахстана

Атырауда блогер Instagram парақшасында жариялаған видеосы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнежазбада «халық жертөледе өмір сүріп жатыр» деген пікірмен қатар, Қазақстан Президентіне қатысты балағат сөздер айтылған, деп хабарлайды Arbat.Media.

12 маусымда сот блогерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі — «Ұсақ бұзақылық» бойынша істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, бейнежазба қоғамдық тәртіпке қайшы келіп, айналасындағыларға анық құрметсіздік көрсеткен.

«Сот құқықбұзушының кінәсі толық дәлелденгенін анықтады. Ол сот отырысында кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Бұл — жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескерілді. Алайда құқықбұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатер ескеріліп, сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасына кесті», деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары