Туған күн кешінде жасөспірім 4 досын өлтіріп, артынша үйді өртеп жіберді
28 мамыр 2025 15:40 / Новости Казахстана
Иркутск облысында туған күн кешінде жасөспірім төрт құрдасын пышақтап өлтіріп, кейін үйді өртеп жіберді. Өзі де сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.
Тергеу нұсқасы бойынша, оқиға Байкальск қаласындағы “Горный Байкал” саяжай қауымдастығында болған.
Бір топ жасөспірім туған күнді атап өтіп жатқан.
Арасында жанжал туындап, олардың бірі пышақ ала жүгірген. Төрт адам сол жерде көз жұмды, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Шабуыл жасаған бозбала артынша үйді өртеп жіберген, бірақ өзі сыртқа шыға алмай, оқиға орнында қаза тапты.
Қазір оқиға орнында барлық шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана
Интернет-казиноларға 191 млрд теңге аударылған
9 қараша 2026 13:31 / Новости Казахстана
Алматыдағы РФММ-де оқушылар жаппай уланғаннан кейін директор ауысты
9 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана