Түргенде оқ атқандар ұсталды

10 маусым 2024 20:27 / Новости Казахстана

Алматы облысында той кезінде аспанға мылтық атқан күдіктілер қола түсті. Полиция мәліметіне сәйкес, оқиға 9 маусым күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері құқықбұзушыларды қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. Атыс қаруын қолдану бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қарулар тиісті сараптамаға жолданды. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауржан Әленов.

Сондай-ақ полиция бастығы аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданғанын атап өтті.

 

Серіктес жаңалықтары